Жайма базарларда қарт кісілер көбейіп барады
Адамдардың ең көп жиналатын орындардың бірі базар. Саудагерлер тауарларын қандай амалмен болса да сатып ақшаны көбірек табуды ойласа, базар аралап жүргендер заттардың сапасына көзі жете алмай мең-зең болады. Мысалы Көк базар. Оның ішінен бұрын сыртындағы тіршілікке көз салсақ, көше жиегінде тізілген саудагерлерімен бірден көзге түсетін кіші-гірім жайма базар бар. Ол жерден әр түрлі затты, жаңасы былай тұрсын, киілген киімдер мен қолданылған ыдыс-аяқтарды, көптеген тұрмыстық заттарды кездестіруге болады. Бұл базардың жан-жағындағы көшелерден сеңдей соғысып күніне қаншама адам жүреді?! Сонда әлгі заттарды алатын болғаны ғой. Біреулер бұрынғы кеңес заманындағы үтіктерді, қасық пен шанышқыларды сатып отырса, біреулер әр түрлі ырым тастарды, коллекциялық тиындарды сатып отыр. Ал бір қарт кісі микроскоп сатып отыр. Құны 20 мың теңге екен. Ал оның сапасы туралы сатушы ештеңе айта алмады. “Кореядан арнайы әкелінеді” дейді. Бір байқағаным, сатып отырған заттары бұрын қолданылып, ескірген болса да бағасы жаңа сияқты қымбат. Бұл да қаізгі заманға лайық жанбағыстың бір түрі сияқты. Өз үйіндегі ескі-құсқы заттарды, киімдерді базарға шығарып сату. Осындай жерлерде ұсақ-түйек заттарын жайып сатып отырғандардың көпшілігі 55-60-тан асқан қарт кісілер. Олардың қазір нағыз немере бағып, бейнетінің зейнетін көріп, жылы үйінде отыратын шағы емес пе? Олардың осындай тағдырдың тәлкегін түсуіне тағы да заман кінәлі ме? Сондай бір қарт кісіден бананының бағасын сұрадым. 40 теңге. Ол кісінің сөзіне қарағанда, күніне нан пұлына жететін ақша табады екен. Осынша жасқа келіп неге көше саудасына шықтыңыз? Балаларыңыз ше? деген сұраққа: “Қайтеміз, қазір қолда бар ақша сол мезетте жоқ болады. Ештеңеге жетпейді. Баламның тапқан табысы да ауыз толтырып айтарлықтай емес. Зейнетақым да бұйым болмайды.Үйде оларға қарап отырғанша, осы жерде отырып бір күндік нанға болса да ақша табайын деп ойладым. Бұл саудаға шыққаныма да он жылдай болып қалыпты.”
Add comment Желтоқсан 4, 2008 zamiko
Қаржы дағдарысының қазақ жастарына әсері
Осыдан бір жыл бұрын Америкада қаржы дағдарысы белең ала бастады. Алпауыт мемлекеттердегі бұл экономикалық дағдарыс біздің мемлекетімізге де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Еліміз осы мәселенің қаншалықты күрделі екендігін әлі сезінбегендей. Бәлкім, басшылықтың қалағаны да осы болар. Өйткені, елімізге жетіп үлгерген экономикалық дағдарыс ресми түрде мәлімделген жоқ. Дағдарыстың әсері сол, жол ақысы, жанар жағар май, азық түлік т.б бағасы күннен күнге шарықтап барады. Ал ЖОО дағы төлемақының жоғарылауы жастарымызға жығылған үстіне жұдырықтай болып тиюде.
Add comment Қазан 18, 2008 zamiko
Hello world!
Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!
1 comment Қазан 13, 2008 zamiko