Жайма базарларда қарт кісілер көбейіп барады

Желтоқсан 4, 2008 zamiko

Адамдардың ең көп жиналатын орындардың бірі базар. Саудагерлер тауарларын қандай амалмен болса да сатып ақшаны көбірек табуды ойласа, базар аралап жүргендер заттардың сапасына көзі жете алмай мең-зең болады. Мысалы Көк базар. Оның ішінен бұрын сыртындағы тіршілікке көз салсақ, көше жиегінде тізілген саудагерлерімен бірден көзге түсетін кіші-гірім жайма базар бар. Ол жерден әр түрлі затты, жаңасы былай тұрсын, киілген киімдер мен қолданылған ыдыс-аяқтарды, көптеген тұрмыстық заттарды кездестіруге болады. Бұл базардың жан-жағындағы көшелерден сеңдей соғысып күніне қаншама адам жүреді?! Сонда әлгі заттарды алатын болғаны ғой. Біреулер бұрынғы кеңес заманындағы үтіктерді, қасық пен шанышқыларды сатып отырса, біреулер әр түрлі ырым тастарды, коллекциялық тиындарды сатып отыр. Ал бір қарт кісі микроскоп сатып отыр. Құны 20 мың теңге екен. Ал оның сапасы туралы сатушы ештеңе айта алмады. “Кореядан арнайы әкелінеді” дейді. Бір байқағаным, сатып отырған заттары бұрын қолданылып, ескірген болса да бағасы жаңа сияқты қымбат. Бұл да қаізгі заманға лайық жанбағыстың бір түрі сияқты. Өз үйіндегі ескі-құсқы заттарды, киімдерді базарға шығарып сату. Осындай жерлерде ұсақ-түйек заттарын жайып сатып отырғандардың көпшілігі 55-60-тан асқан қарт кісілер. Олардың қазір нағыз немере бағып, бейнетінің зейнетін көріп, жылы үйінде отыратын шағы емес пе? Олардың осындай тағдырдың тәлкегін түсуіне тағы да заман кінәлі ме? Сондай бір қарт кісіден бананының бағасын сұрадым. 40 теңге. Ол кісінің сөзіне қарағанда, күніне нан пұлына жететін ақша табады екен. Осынша жасқа келіп неге көше саудасына шықтыңыз? Балаларыңыз ше? деген сұраққа: “Қайтеміз, қазір қолда бар ақша сол мезетте жоқ болады. Ештеңеге жетпейді. Баламның тапқан табысы да ауыз толтырып айтарлықтай емес. Зейнетақым да бұйым болмайды.Үйде оларға қарап отырғанша, осы жерде отырып бір күндік нанға болса да ақша табайын деп ойладым. Бұл саудаға шыққаныма да он жылдай болып қалыпты.”

Entry Filed under: Uncategorized

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Trackback this post  |  Subscribe to comments via RSS Feed

Беттер

Категориялар

Calendar

Желтоқсан 2008
Дс Сс Ср Бс Ж Сн Жк
« Nov    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.